← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul
Бақұлдасу
Бақұлдасу
I
Туған жерді сағынбаудың дәрісі жоқ ішетін...
Туған жермен қоштасудың қақпасы бар түсетін...
II
Өмір осы...
ойлап көрсем бір сызық
Кеткім келді сол сызықтан мың шығып.
Жүз жыртылып кете берді, болмады
...сілекеймен желімдеген тіршілік.
III
...Кеудеме көкүйректі қондыра алмай
Өртендім өз үніме жолыға алмай.
Булығып бір қамырық күйге түстім
Ішегі тағылмаған домбырадай.
Ал, ажал келсе жетіп арғымағым
Мінем де күре жолды шаң қыламын.
Аһ дерлік бұл фәниге дәнеңем жоқ
...алды-арты дүниенің болды мәлім...
I
Туған жерді сағынбаудың дәрісі жоқ ішетін...
Туған жермен қоштасудың қақпасы бар түсетін...
II
Өмір осы...
ойлап көрсем бір сызық
Кеткім келді сол сызықтан мың шығып.
Жүз жыртылып кете берді, болмады
...сілекеймен желімдеген тіршілік.
III
...Кеудеме көкүйректі қондыра алмай
Өртендім өз үніме жолыға алмай.
Булығып бір қамырық күйге түстім
Ішегі тағылмаған домбырадай.
Ал, ажал келсе жетіп арғымағым
Мінем де күре жолды шаң қыламын.
Аһ дерлік бұл фәниге дәнеңем жоқ
...алды-арты дүниенің болды мәлім...