← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul
Бір шай қасық ғана...
Бір шай қасық ғана...
Өңі бар...
өлермендігі де жаман емес былай,
Осындай жандардың он екі мүшесін,
Денесін,
санасын
Түп-түзу жаратып
Бір шай қасық ғана
Ар қоспай...
Қоятыны несі Құдай.
Ақорда...
Бұл өтіріктер үйіндісі
Жаным пәруана көбелектей
Отқа шарпылған.
Тойдым,
рас одаңа...
...құрғақ қуырмаңдаршы
өтінем...
Бір шай қасық ғана
...май тамызыңдаршы табаға.
Өңі бар...
өлермендігі де жаман емес былай,
Осындай жандардың он екі мүшесін,
Денесін,
санасын
Түп-түзу жаратып
Бір шай қасық ғана
Ар қоспай...
Қоятыны несі Құдай.
Ақорда...
Бұл өтіріктер үйіндісі
Жаным пәруана көбелектей
Отқа шарпылған.
Тойдым,
рас одаңа...
...құрғақ қуырмаңдаршы
өтінем...
Бір шай қасық ғана
...май тамызыңдаршы табаға.