Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Дегуманизация

Дегуманизация

Кермек ақыл кімге керек,
білесіз...
Түптің түбі – қорлану.
БІР ҒАЖАЙЫП ШАРИҒАТ БАР ӘЛЕМДЕ –
БЕЛДЕН ТӨМЕН ОЙЛАНУ.

Шын шариғат осы ғана
мен білсем,
Бәсі биік басқадан.
АДАМЗАТТА АЯТ ЕКЕУ ТАБЫНАР –
Жыныс мүше,
Асқазан...

Кестелі сөз,
кемеңгер боп көріну
Мұның бәрі бер жағы.
Қой, құрысын...
сөз қылмай-ақ қоялық
жүзіміздің ар жағын.

Бес сезімнен биіктесек көрінер
Ауызы бар қолдың да,
Жұпары бар,
тозаңы бар түшкіртер
Жалғыз тамшы ойдың да.

Шын махаббат, гүл мейірім, ар-ұят
Бұлар неткен ұлы сөз.
Мұз бетіне гүл қаулайды
ол рас
Тамып кетсе жылы сөз...