Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Ертегі

Ертегі

Ертегі айтам...
Есімі оның «Бақ мекен»,
Кімдер ойлап хикаяны тапты екен.
Өмір деген өтірік айту,
ал соңы:
«Әлди-әлди, ақ бөпем...»

Қара тақта
Хан жарлығы есікте,
«Ертегіден енді әманда кешік пе».
Ертек соңы...
есінетіп миыңды
Екі жерден таңып тастау бесікке.

Әлмисақ пен мыңжылдықтар басынан
Өтіріктер өзен болып тасыған.
Ертек заңы:
«Естімеген бейбақтың
Қан сасиды қасынан».

Бұл бір өзі...
бітімі жоқ жол еді,
«Бақ мекен» бе, «сор мекен» бе
ол енді.
Мұратына жете алды ма егей ер
(ертекшіге)
....маңызды емес ол енді.