← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul
Құрбан айт
Құрбан айт
Мекке мен мешіт
күнә жуатын мекеме ме?
Қойлардың қандай бұл күні жазығы бар
қандай қисыны бар осы ойдың?
Құбылаға қызыл маржандары шашырап
қорқырап жатады ылғи
төрт аяғы буылған
бейуаз шындық.
Біз де бір ақсақалдар алдында
батаға шалынған боздақтармыз ғой
соңғы кәлимамыздан тамған
«...Мұхаммед» сөзі
Сүйек сапты жезмойын пышақтардың
жүзіне жұққан...
Мекке мен мешіт
күнә жуатын мекеме ме?
Қойлардың қандай бұл күні жазығы бар
қандай қисыны бар осы ойдың?
Құбылаға қызыл маржандары шашырап
қорқырап жатады ылғи
төрт аяғы буылған
бейуаз шындық.
Біз де бір ақсақалдар алдында
батаға шалынған боздақтармыз ғой
соңғы кәлимамыздан тамған
«...Мұхаммед» сөзі
Сүйек сапты жезмойын пышақтардың
жүзіне жұққан...