Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Бостандық

Бостандық

Менің азаматтық дауысым қайда?
Бұла мінезім?
Неге жұлдызым көкте жарқырамайды?
Неге құлдилап ағады төмен
...полковниктердің зерлі иығына құлап?

Мен де бір қиялимын ғой жүрген
Рас, біздей бейбақтың келісімі кімдерге керек
кімдерге қажет болды екен осыбір ойын
...дейсің де үнсіз
қоясың бірақ!

Көкбұйра мамығы үшін
мына дүниеге кірпігін бір мезет қақпастан сірә
әлгі генералдардың зерлі жағасына бола
тірідей терісінен ажыраған
Қаракөл қозылары құсап...
менің де міне
бостандығым өлді.

...ең ауыры
қозыдай бұл құнсыздығыңды
ешкімнен сұрай да,
даулай да алмайсың
...бірақ!