Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Геронтократия

Геронтократия
(немесе Арылу)

Бүкіл бауырларыма арнаймын...

Мен дүниеге келгенде періште едім...
Кейін, есейе келе
жалған сөйлеуді,
шекпенге күйлеуді,
шындықты таптауды,
әлсізді қорлауды
...«асыл ағаларымнан» үйрендім.
Әй, үлкендер, үлкендер,
Ақсақал аттарыңа болайын,
...қайран, аға деп айтқан ауызым,
аңғал көңілім,
сенген үмітім,
жастық ғұмырым
...қор болдың?!
Рас, не айта алдым
әділет жолынан
өзім де шайқалдым.
Менің де қылмысым
қаракөк теңіздей
қулығым – сахара құмындай.
Абыз адамның бейнесін сомдаған
ақсақал тәрізді
ағалар секілді «кемеңгер»
...кәдімгі екі аяқ шайтанмын.

Шыбын жан шықпады
бір ғұмыр... дерексіз,
енді өзімді балаймын өлдіге.
Япырай...
бір Құдайға да
күйігім керексіз
...мендей сорлыны көрдің бе?
Көңілі кір,
қаны лай
мен бейбақты
аға деп айтпаңдар, бауырлар
...тіпті жөн бе еді көріспегенің?!
Әлем әлмисахтан
жапаны жастардан емес
қарттардан шеккен ғой,
шалдардан шеккен ғой...
...қайран да менің қанаты қырқылып
қор болған ғапыл періштелерім.