Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Таным

Таным
Бұрын шын бар бүгін шын,
I Ертең шын бар үш бөлек.
Керегі жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.
(Шәкәрім)

«Мұртты құдай», «мұртсыз құдай», «күн құдай»,
Мынау елге не боп кеткен құрғыр-ай?
Пәни дүние – перғауындар мекені,
Қайдасың сен...
Рахымды шын ҚҰДАЙ?

Ақыл айтқыш ағалар-ай, ағалар,
Ауызына шомылдарған күн-айды.
Қызыл тілмен Алла есімін айғыздап,
Алдамаңыз Құдайды.

Топас таным жарығы жоқ түн десе...
Тұрғынымыз сол түрменің ендеше.
Төрт аяқты жануар ғой адамзат,
ТӨРТ КӨЗ түгел көрмесе.


II

Жан тұншығып, тән есірді, ал бүгін,
Айтыңызшы, «ақжүрек» кім, арлы кім?
Пайғамбардың рухына боялған,
Сенесіз бе, ХӘЛДЕ* жатыр бар ғылым.

Әттең, шіркін, ғапылдығым кемістік,
Кемістікті нұрмен жусақ тек ыстық...
Көкіректен көз ашылып сол мезет
Жан тіліне көшер ме еді кеңістік.

Жаратқанның жамалынан нұр түссе,
Өтер едік бір пішінен бір түске.
Періштеден адам асқақ әуелден
Адам биік рухымен тілдессе.

Адам асқақ, оған жала жаппаңыз,
Ессіздік деп, бәлкім, мұны даттарсыз.
Жанның сыры жасырылған жүрекке
Жарқырайды ол, егер кілтін тапсаңыз.

Сол кезде адам рухы мен ұжданы,
Жаратқанға жақындатар тұлғаңды...
МІНЕ, БІЗДІҢ ЖЕТЕ АЛМАҒАН ӨРЕМІЗ,
МІНЕ, БІЗДІҢ БАБАТАНЫМ ЖҰМБАҒЫ.

Жын жұлмалап, сайтан сарып есімді,
Адамдықтан адастырды -ау көшімді.
Бір ашылмай бізден де өтіп барады,
Төбедегі ТӨРТ ТАНЫМНЫҢ* есігі.


Хәл – жүрек ілімі
Төрт таным – Шариғат, Тарихат, Ақиқат, Мағрипат