Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық өлеңдер
semserdin-juzine-osken-gul

Шамырқану

Шамырқану
(немесе Самурайдың соңғы сөзі)

Ақордаға ағызсам атқа мініп,
Ханның басын қаршысам қақпа бұзып.
«Ерсің деп» енді маған лап қойған
Жағымпазды жіберсем жаққа періп.

Сонда кірер шырайы тынысымның,
Дос сезіп, дұшпан ұқпас мұның сырын.
Қанша жыл бір ғазауат майдан күтіп
Қанға шөлдеп тұрған-ай қылышымның.

Атой салсам боратып дүркін-дүркін,
Сонда ғана жайланар көңіл шіркін.
Енді менің келмейді аз ғұмырда
«Малдан боғым бөтен боп» өмір сүргім.

Дұшпанның қызыл қанын ұрттап ішсем,
Шаншылып тұрса сонда бұлтқа басым.
Шіркін-ай...
күрең қаным куәгер боп
Жүзіне Жаратқанның тік қарасам.